Жаңалықтар

Жастармен жүздесті

Елордадағы Astana IT университетінде журналист және саяхатшы-блогер Өркен Кенжебеков жалынды жастармен жүздесті.

[smartslider3 slider=637]

Кездесуді Жастар саясаты мәселелері басқармасы «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірге Jastar Talks жобасы аясында өткізді. Бұл – аға және кіші буын арасындағы байланыс көпірі, еркін форматтағы сырласу алаңы. Әртүрлі салада кәсібилігімен танылған спикерлер осы жерде тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға есте қаларлық ой тастайды. Jastar Talks жобасы аясында алғашқы кездесу елорда әкімі Алтай ­Көлгіновпен өткен.
Өркен Кенжебек әлем елдеріне сапарынан сөз қозғап, қазіргі қоғамдағы жастардың рөлі туралы өз ойымен бөлісті. Бүгінгінің жастарына ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрекпен қатар осындай кездесулердің де қажет екенін жеткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button