Sport

ЖАСТАРЫМЫЗ «ДОСТАСТЫҚ КУБОГЫНА» АТТАНАДЫ

Исламхан

Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы жаңа жылды «Достастық кубогымен» бастамақшы. Жылдағы дәстүр бойынша Санкт-Петербургте өтуі тиіс жарысқа барлығы 12 команда қатысады.

Қазақстан жастар құрамасы алдын ала тартылған жеребе бойынша «С» тобына түсіп, Оңтүстік Африка Республикасы, Литва және Тәжікстан құрамаларына қарсылас атанды.

Дода 16-25 қаңтар аралығында өтеді. Әр топтан бірінші-екінші орын алған құрамалар және нәтижесінің жоғарылығына қарай барлық топта үшінші келгендердің екі үздігі ширек финалға шығады.

«А» тобында Беларусь, Түркіменстан, Эстония, Финляндия құрамалары болса, жеребе Молдова, Қырғызстан, Ресей және Латвия құрамаларын «В» тобына салып берді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button