Жаңалықтар

«Жасыл белдеу» өңірлерге үлгі болды

Елбасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев елорданың «жасыл белдеуінің» дамуына байланысты кездесу өткізді. Онда Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Е.Нысанбаевтың, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновтің және Ақмола облысының әкімі Е.Маржықпаевтың ақпаратын тыңдады.

«Сіздің тапсырмаңызға сәйкес 1997 жылдан бастап біз «жасыл белдеу» құру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Бүгінде оның ауданы 87 мың гектардан асады. Биыл ағаш отырғызу аумағы 4,6 мың гектарды құрады. 2022 жылға дейін біз жалпы жасыл желектің аумағын 100 мың гектарға жеткіземіз» деді Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.
Сонымен қатар Елбасыға агротехникалық іс-шаралардың нәтижесінде алынған мәліметтерді жинау және талдау үдерістерін цифрландыру бойынша жоспарланған шаралар туралы ақпарат беріліп, елорданы көгалдандырудың нәтижелері және «жасыл белдеуді» Бурабай орман алқабымен қосу бойынша қабылданған шаралар туралы баяндалды.
Соңынан Нұрсұлтан Назарбаев елорда төңірегінде «жасыл белдеу» құру тәжірибесін еліміздің өзге өңірлерінде қолданудың маңызын атап өтті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button