Жаңалықтар

Жасыл белдеуге жаңа атау ұсынылды

ERA_0096

Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қала­ның ономастикалық комиссиясы отырысында елорданың санитарлық-қорғау аймағын «Елбасы орманы» деп атау жөнінде ұсыныс жасады.

Бұл ұсынысты құрамына ҚР Парламентінің және қалалық мәслихаттың депутаттары, қалалық басқар­малардың басшылары, қоғамдық ұйымдардың, ардагерлер кеңесінің, қаланың жоғары оқу орындары мен ҚР Ұлттық мұрағатының өкілдері кіретін зиялы қауым бірауыздан қолдады. Енді соңғы шешім республикалық деңгейде қабылданады.

Биыл елорданың жасыл белдеу аумағында 271,9 гектар жерге 398 434 екпе көшет отырғызылды.

Бүгінгі таңда елорданың айналасындағы жасыл бел­деудің жалпы ауданы 15 гектар шамасында. Екпе ағаштар 11 502,2 гектар жерді алып жатыр. Онда 9,6 млн астам ағаш пен 1,8 млн бұта өсірілуде. Жасыл бел­деу­дегі жапырақты ағаш түрінің үлесі – 98,2%, қылқан жапырақтылар –
1,8 пайыз. Соның ішінде 13 826 гектар жерге 12-18 жылдық көшеттер отыр­ғы­зылды.
Қала аумағында орналасқан жасыл белдеу аймағы елорданың коммуналдық меншігі болып табылады. Белдеу аумағына өткен жылы 1629 қырғауыл жіберілді.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, келер жылы мұнда тағы да 400 мыңға жуық ағаш отырғызу көзделген.

Таңатар Төлеуғалиев

 

Тағыда

Таңатар Төлеуғалиев

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button