#Жаңа Қазақстан

Жасыл экономика – басты қағида

Baytaq партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, мәлімдеме жасап: «Қазақстандағы ең маңызды экологиялық проблемалары әлі шешілген жоқ. Семей полигоны планетадағы ең ластанған орындардың бірі болып қала береді. Ал Арал теңізінің құрғақшылығы бүгінгі күнге дейін табиғат пен халықтың денсаулығына зиянын тигізуде. Біздің партия осы мәселелерді шешуге, елдегі болашақ ұрпақ үшін тұрақты ортаны қамтамасыз етуге бар күшін салады» деді.

***

Тележүргізуші Динара Сәтжан Baytaq жасылдар партиясы атынан Қазақстан Мәжілісі депутаттығына үміткер Жанат Саматтан сұхбат алды. Тікелей эфир Instagram-да жүргізіліп, партияның алдындағы міндеттер сараланды. Үміткер жасыл экономиканы көтерудің мән-жайын жан-жақты түсіндіріп, қолайсыз экологиялық жағдайға назар аударды. Яғни жасыл саясат қағидаттары: әлеуметтік әділеттілік, халықтық демократия және экологияға ұқыпты қарау қағидаттарын қолдау және жүзеге асыруды атады.

***

Жасылдар партиясы үгіт-насихат жұмыстарын үдетіп, өңір-өңірлерде сайлаушылармен кездесуде. Baytaq партиясынан Мәжіліс депутаттығына үміткер Нұрлан Көптілеуов «KazRostIngeneering» АҚ ұжымымен кездесті. Жасылдар партиясының өкілі жиналғандарды сайлауалды тұғырнамасы, партияның таяу болашақтағы мақсаттары мен міндеттері жөнінде хабардар етті.

Сондай-ақ компанияның жер емген диқандарды қолжетімді агротехникамен қамтамасыз ету бағытындағы батыл қадамы мен игі істеріне қолдау білдірді. Экологиялық проблемалармен қатар, халықтың табысын арттыру мен әлеуметтік мәселелерді шешуге басымдық беруді көздеп отыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button