Жаңалықтар

«Жасыл ел» жастарды жұмысқа тартады

Нұр-Сұлтан қаласында студенттерден құралған құрылыс және «Жасыл ел» еңбек жасақтарының XV еңбек маусымы ашылды.

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасы биыл жастарды жұмыспен қамту үшін 10-нан аса ұйым­мен келісім жасасқан. Олардың қатарында «Астана орманы», «Астана көгалдандыру құрылыс» ЖШС және бірқатар құрылыс компаниялары мен білім беру орындары бар.
«Жасыл ел» бағдарламасы респуб­ликамызда 2005 жылдан бастап жастарды жұмыспен қамту ісімен айналысып келеді. Осы ретте астаналық «Жасыл ел» штабы 14 жастан 29 жас аралығындағы азаматтарды жұмысқа шақырып, олардың экономикалық табыс табуына мүмкіндік жасап қана қоймай, еңбекке баулып, қоршаған ортаны жасылдандыру жұмысына тартып келеді. Мәселен, өткен жылы 1120 адам жұмыспен қамтылған.
– Биыл бағдарлама бойынша елордаға 975 квота бөлінген. Олардың қатарында көпбалалы және тұрмыс деңгейі төмен отбасылардың балалары, сондай-ақ ювеналды полицияның есебінде тұрған 14 жасқа толған жасөспірімдерді жұмыспен қамту қарастырылған, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің жетекшісі Бақытжан Жүнісбеков.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button