Білім

Жасыл энергия бізге де келді

10 қыркүйек күні Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қалалық әкімдіктің қолдауымен, Германия Федеративтік Республикасының елшілігінің қатысуымен  «Жаңартылмалы энергия көздері. Германияда жасалған» атты техно­логиялық көрменің ашылу салтанаты өтті.

Көрменің негізгі бағыты энер­гетиканың табиғи көздерін, оның жасалу барысын кеңірек түсіндіру. Бүгінде желден, судан, күннен алынатын геотермальды баламалы қуат көздерінің өміршеңдігі артып отырғандығы белгілі. Геотермалды энергетика табиғи және жасанды болып екіге бөлінетінін ескерсек, осы екі жолының да біздің елде жүзеге асуына мүмкіндік бар екен. Бұл жөнінде ЕҰУ «Жасанды интеллект» ҒЗИ-ның директоры Алтынбек Шәріпбай түсіндірді. «Болашақ энергиясы» ұранымен өтетін «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне дейін баламалы энергия көздерін толықтай меңгеріп, өз мүмкіндігімізді көрсету керек – деді, өз сөзінде профессор А.Шәріпбай.

«Dena Германия» энергетикалық агенттігі ұсынып отырған жаңар­тылмалы энергия көздерінің тех­никалық мүмкіндіктерін қолдану біздің елімізде де іске қосылғалы отыр. Бірақ, осы саланың білікті ғалымдары бұл бастаманы толық қолға алу үшін, аймақтарды аралап, зерттеу керектігін де алға тартты.

Динара МӘЛІКОВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button