Шаһар шежіресі

Жасыл мешіт қоршауы әлі тұр

Мынау – көненің көзіндей Ақмоладағы екінші мешіт суреті. Оны 1895 жылы осы шаһардағы ең бай адамдардың бірі, ірі қара мал сатумен айналысқан 2-гильдия көпесі, ұлты татар Нұрмұхаммед (Нұркен) Забиров өз қаражатына салдырған.

[smartslider3 slider=2685]

Халық арасында «татар мешіті» ­немесе боялған түсіне қарай «жасыл мешіт» ­деген атқа ие болған бұл мешіт бұрынғы Церковная, кейін Ленин есімін иеленген көшеде (қазіргі Абай көшесі мен ­Республика даңғылы қиылысында) орналасқан болатын.

[smartslider3 slider=2686]

1930 жылдардың соңында мешіт жабылды. Кейін онда Пионерлер үйі орналасты. Ал 1950 жылдары орнына үш қабатты тұрғын үй салынды. Дегенмен мешіттің тас қақпасы, тіреулер, темір тор қоршаулары сақталған. Бүгінде жасыл мешіт қоршауы қаланың киелі нысандар картасына енгізілген.

Ғазиза ИСАХАН

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button