Жаңалықтар

«ЖАСЫЛ ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

1X7A4676

Кеше Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы «Жасыл Қазақстан» акциясын өткізіп, Назарбаев орталығы  ғимаратының аумағына 300 түп ағаш отырғызды.

  «Жасыл Жер» ЖШС қолдауымен өткен шараға Елбасы кітапханасының қызметкерлері, оқырмандары және «Кемел ел» жастар тәрбиесі орталығының мүшелері қатысты.

  Елбасы кітапханасының атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков «Бүгін біз ұжымымызда жаңа дәстүр бастап тұрмыз. Ағаш отырғызу шарасын жыл сайын ұдайы ұйымдастыруды қолға алдық. Бұл біздің елорданы көгалдандыруға, экологиялық мәдениетті насихаттауға қосатын өзіндік үлесіміз болады» деді.

«Кітапхана қызметкерлері қолымызға күрек алып, шаруаға білек сыбана кірісіп кеттік. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дейді халық даналығы. Астананың әр аумағында ағаш көптеп егілуде. Бұл іс әлі жалғасын табады» деді кітапхананың аға сарапшысы Құралай Шәйкенова.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button