ЖаңалықтарҚала мен СалаҚала тіршілігі

Жасыл желек жамылады

Нұр-Сұлтан қаласында жасыл желек отырғызу жұмысы биыл қарқынды жүріп жатыр. Жоспар бойынша 2021 жылдың соңына дейін 1042468 дана жасыл желек отырғызылады. Соның ішінде 890151-і – көшет. Көктемгі ағаш отырғызу аясында жоспарланған жылдық көлем бойынша отырғызылған жасыл желектердің саны – 489290 ағаш, оның ішінде қала аумағына – 37024 дана жасыл желек және елорданың «Жасыл белдеуі» аумағына 452266 көшет отырғызылды.

[smartslider3 slider=888]

Ал күзгі ағаш отырғызу осы жылдың 15 қыркүйегінде басталды. Соның барысында 553178 дана жасыл желек отырғызу жоспарланған. Ал 15 қыркүйектен бері қала аумағында 115293 дана ағаш отырғызылды. Олардың арасында қызыл тал, татар үйеңкісі, шырша, қарағай, қайың, емен және тағы басқалары бар.

Ағаш отырғызу – кез келген нысан салынғаннан кейін міндетті түрде іске асуы тиіс жұмыстың бірі. Мәселен, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау аясында 35481 дана ағаш отырғызды. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының деректері бойынша бизнес орталықтары, сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері және т. б. нысандарды салу кезінде 36350 дана ағаш егілген. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы саябақтар, скверлер салу барысында 500 дана ағаш пен өтем ретінде 14500 дана ағаш отырғызды. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі елорда іргесіндегі «Жасыл белдеу» аумағына ерекше көңіл бөледі. Күзгі ағаш отырғызу барысында «Жасыл белдеуге» 437885 дана көшет егіледі. Күзгі отырғызу жұмыстары аясында барлығы 576278 дана ағаш және бұта, 32453 п/м бұталы қоршау отырғызылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button