Ел тынысы

Жасыл желектің күтімі қандай?

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов бастаған бір топ депутат елордада жасыл желекті күтіп ұстау барысын тексерді. Соның ішінде суару жүйесінің жұмысымен танысып, бірқатар аумақтарды аралады.

 

[smartslider3 slider=3839]

 

– Өткен жылы мәслихатта қалада отырғызылған ағаштардың қурап қалу мәселесін көтердік. Соның ішінде суару және ұңғымалар жүйелерінің болу маңызын айттық. Оның себебі шаһарда суаруға арналған суды тасымалдайтын екі-ақ орын бар. Соның бірі Ақ жол көшесіндегісі дұрыс жұмыс істемейді. Ал екіншісі Кенесары көшесінің соңында орын тепкен. Басқа техникалық суды тасымалдап жеткізетін орындар жоқ. Екіншіден, тасымалданатын техникалық судың текше метрі 4300 теңге тұрады. Бұл өте қымбат, «алтын су» десе де болады. Сондықтан әр саябақ пен скверде 3-10 текше метрлік көлемдегі ұңғыма жүйелерін орнатуды ұсындық. Бұл жұмыс биыл жасалды. Осының арқасында осы жылы аудандарға берілетін 4 миллиард теңгеге жуық қаржыны үнемдедік, – деді Ерлан Каналимов.

«Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС бас директоры Айбар Наурызәлінің айтуынша, биыл бірқатар саябақтар мен скверлерде суару жүйелері қалпына келтіріліп, ұңғымалар жүйелері орнатылды. Бұл жұмыс жалпы 46 гектар аумақта атқарылды. Мәслихат депутаттары осы жүйелердің жұмысымен танысты. Қаржы министрлігі ғимараты және Әскери-тарихи музей маңындағы Жұмабек Тәшенев ескерткіші айналасындағы суару жүйелері қалпына келтірілгеннен кейін жасыл желек жайқала бастады. Ескерткіштің айналасы көркейтіліп, көз қуантатын көрініске айналды. Мәслихат депутаттарының оған көңілдері толды. Ал Р.Қошқарбаев даңғылы мен Қордай көшесінің қиылысында жаңадан бой көтерген қоғамдық кеңістікте ұңғыма жүйесі орнатылды. Депутаттар соның жұмысымен де танысты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button