ДенсаулықЖаңалықтарҚала тіршілігі

«Жасылдарға» жол ашық

8 қарашадан бастап сауда ойын-сауық орталықтарына енді жұмыс күндері де «жасыл» мәртебесі бар азаматтар ғана бара алады.  Елордадағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығын сақтау және індеттің одан әрі таралуының алдын алу үшін осындай шешім қабылданды.

[smartslider3 slider=777]

Талдау нәтижесі көрсеткендей, үй карантинін бұзушылардың ең көбі дәл осы сауда ойын-сауық орталықтарында тіркелген. Бұл  орталықтарда адамдар көп жиналады және ұзақ уақыт болады. Сондықтан коронавирустың  таралу қаупі артады.

Сонымен кешеден бастап қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған жағдайда, яғни вакцина алып, теріс нәтижесі бар ПТР тесті 7 күннен аспаған болса және тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар үшін жұмыс күндері және демалыс күндері осындай орталықтарға кіруге мүмкіндік бар.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button