Жаңалықтар

Жат ағымдар жарға жықпасын

Астана қалалық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен елордадағы белсенді жастар мен ұйымдарға арналған «Жаңа діни қозғалыстар және Қазақстанның қауіпсіздігі: жастар көзқарасы» атты тақырыпта  дөңгелек үстел өтті.

Бүгінгі таңда әлемде діни экстремизм мен терроризм мәселелері өзекті саналып отыр. Шырмауықтай шырмалған дүниеден шығу да оңай емес. Ел қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жат ағымдарға есікті бекітіп ұстау қажет. Оның кең таралмауының тиімді бір жолы – ақпараттық-насихаттық жұмыстарды кеңірек жүргізу. Әсіресе, жастар арасында.
Осы мақсатта өткізілген мәжілістің мәні де өзгеше болды. Елордадағы жоғары білімді оқу орындарының өкілдері, теологтар, қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері діни құндылықтар жөнінде салиқалы сөз өрбітті. Діни мамандардың парасатты пікірлері тыңдалды. Жастар да өз ойларын жеткізді.
– Жастар – еліміздің ертеңгі қанаты. Олардың алаңсыз білім алып, азамат болғанын қалаймыз. Түрлі діни жат ағымдарға арбалмаса екен дейміз. Сондықтан бас қаладағы жоғары оқу орындарында білім алып жатқан беделді, айтар ойы бар, озат жастарды жинап, діни мәселелер жайында сөз қозғадық. Олардан көп үміт күтеміз. Алғыр жастар өз замандастарына діни құндылықтар туралы әңгіме өрбітіп, ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізбек, – дейді елордалық Дін істері басқармасының басшысы міндетін атқарушы Нұрдәулет Әлмұқанов.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button