Қала тіршілігі

Жаттығулар жақсы өттi

Астанада «Көктем-2012» жаттығулары басталды. Елордалық бiрқатар шаруашылық қызметтердiң қатысуымен өткен шараға 350 адам және
8 техника жұмылдырылды.
Көктем кезiндегi төтенше жағдайдың алдын алу – апаттық-құтқару қызметi мен құрылымдардың мiндетi. Сарыарқа аудандық төтенше жағдайлар басқармасы ұйымдастырған iс-шара Гуманитарлық заң колледжiнде өттi. Оқу-жаттығу барысында шаруашылық кешендерiнiң дайындығы, эвакуациялық жұмыстардың қимылы, жергiлiктi атқару органдардың үйлесiмдi жұмыстары көрсетiлдi.
«Табиғи және техногендi сипаттағы жағдайлардың алдын алу шарасына қатысқан «Астана тазалық» мекемесiне, Өрт сөндiру қызметiне, Жол полициясы басқармасына, Iшкi iстер департаментiне және Халықты тамақпен қамтамасыз ету қызметiне ерекше алғысымды бiлдiремiн», – дейдi Сарыарқа аудандық ТЖБ бастығы Марғұлан Аманбаев.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button