Жаңалықтар

Жауапкершілігі зор міндет

Елбасының Жарлығына сәйкес қыркүйек айының үшінші  жексенбісі Қазақстан халқының тілдері күні болып белгіленді. Астана қаласында биыл Тілдер фестивалі XV рет өткізіліп отыр. Осы негіздегі  іс-шаралар туралы Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту және үйлестіру бөлімінің басшысы Құралай Ақсейіт әңгімелейді.

– Тіл фестивалі аясында қан­дай іс-шаралар ұйым­дас­тырылады?
– Мемлекеттік тілге құр­метті қалыптастыру, тіл мәде­ниетінің деңгейін көтеріп, мем­лекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында орыс сыныптарындағы қазақ балалары арасында арнаулы олимпиада және орыс жастары арасында «Тіл – халық жанын та­нудың кілті», жергілікті мем­лекеттік органдарда, мем­лекеттік ұйым­дар мен кә­­сіп­орындарда, ау­мақ­тық ме­­кемелерде қыз­мет іс­тей­тін ма­мандар арасында «Мем­ле­кет­тік тіл – мем­лекеттік қыз­метте» атты қалалық бай­қау­лар ұйым­­дастырылады.

Сондай-ақ, қаладағы барлық сала мекемелері Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шаралар өткізеді.

– Биылғы фестивальдің өзгешелігі бар ма?
– Атап айтатыны, орыс сы­ныптарындағы қазақ балалары арасында да қалалық тіл олимпиадасының өтуі. Бұған дейін Абайдың рухани құндылықтарын көрсете отырып, әдеби мектебін, тіл мек­тебін, ұлт пен рух мек­тебін ашу, ұлы ақынның мұра­сын жастардың санасына сі­ңіру мақсатында үлкен жұ­мыс­тар атқарылды.Тағы бір мәселе – қазақ тілінде сауатты, жаңашыл, көркем безен­дірілген жарнамаларға қол­дау көрсету. Осы тұрғыда «үз­дік жарнама» байқауында тақырыптың өзектілігі, жарнама мәтінінің мағыналығы мен тартымдылығына, безендірілуі мен дизайнерлік шеберлікке баса маңыз берілейін деп отыр.

– Өзге ұлт өкілдерінің мем­­ле­кеттік тілге ықыласы қалай?
– Қазақ­станда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілі тұрады. Бү­гін­гі таңда қалада татар-баш­­құрт, армян, еврей, украин, тағы да басқа ұлттық мек­­тептер жұмыс істейді. Рес­публикамыздың білім ордаларында 11 ұлт тілі оқытылады. Ал мемле­кеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдерінің деңгейі жыл­дан жылға артып келеді. ҚР Прези­денті Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекет­тік бағдарламасы» толық күші­не енді. 2017 жылға қарай мем­ле­кеттік тілді мең­гер­гендердің үлесі 95 пайызға жетуі қажет. Бұл – жауап­кер­шілігі зор міндет.

Таңатар ТӨЛЕУҒАЛИЕВ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button