ЖаңалықтарҚоғам

Жауынгер есімін жаңғыртты

0015

Астана қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда жауынгер-интернационалист Қазбек Абдрахманов есімін еске түсіруге арналған дәстүрлі турнир өтті. Биыл 15-ші рет ұйымдастырылған шағын футбол жарысына сегіз команда қатысты.

Астана қаласының Дене шы­нық­тыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізілген жарыстың негізгі мақсаты – ардагерлер ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және жас ұрпақты отандық патриотизмге тәрбиелеу болды. Күні бойы өткен доп додасының жартылай финалына «Астана қаласының Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы», Ре­спуб­­­ликалық «Жас Ұлан» мектебі, «Қарағанды қаласының Ауғанстан соғысы ардагерлері ұйымы» және елордалық ардагер спортшылардың «Целинник» командасы шықты. Ал төрт үздіктің арасынан қарағандылықтар мен астаналық ардагер спортшылардың ұжымы финалға өтті.
Ақтық сында Қарағанды қала­сынан келген ардагер футболшылар жеңіске жетті. «Целинник» екінші орынға ие болды. Ал Астана қаласының Ауғанстан соғысы ардагерлері ұйымы мен «Жас Ұлан» командасы қола жүлдеге қол созды. Степногорск қаласының өкілдері «Жеңіске деген жігерлігі үшін» арнаулы сыйлығымен марапатталды. Жарыстың «Үздік ойыншысы» сыйлығы Қайрат Тоқсанбаевқа берілді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар, медальдар және ақшалай сый­лықтар табыс етілді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button