Басты ақпаратҚала тіршілігі

Жауынгерлер есiмi – жадымызда

«Отан ана» монументi жанында тәжiк-ауған шекарасында орын алған ұрыста ерлiкпен
қаза тапқан 17 жауынгердi еске алу шарасы өтiп, «Ерлiк» аллеясына гүл шоқтары қойылды.

Өткен ғасырдың 90 жылдары Тәжiкстан шекарасын қару-жарақ пен есiрткi тасымалдау дәлiзiне айналдырмақ болған қарулы топқа батыл тосқауыл қойған қазақстандық батальон жауынгерлерiнiң ерлiгi баршаға белгiлi. 1995 жылдың 7 сәуiрi Iшкi әскерлер тарихында өшпес iз қалдырған ерлiктiң күнi болып саналады. Өйткенi, дәл осы күнi тұтқиылдан тап берген қарулы топқа Iшкi әскер жеке ротасының жауынгерлерi қарсы тұрды. Төрт жарым сағатқа созылған шайқас барысында 17 боздақ ерлiкпен қаза тапты.

Сүбелi сөз
Альберт Мәткәрiмов, ҚР IIМ Iшкi әскерлерi қолбасшысының орынбасары, генерал-майор:
Iшкi әскерлердiң барлық бөлiмдерiнде тәжiк-ауған шекарасында өз өмiрлерiн қиған жiгiттердiң ерлiгiн есте сақтауға арналған шаралар өтуде. Тәжiкстандағы сыртқы шекараны қорғауға қатысқан олардың және Iшкi әскердiң 2 мыңнан астам жауынгерiнiң ерлiгi арқасында бiз мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiн қамтамасыз етiп, есiрткi мен қару-жарақ дәлiзiне сенiмдi тосқауыл қойдық.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button