Жаңалықтар

Жауынгерлерге – жоғары сенім

Биыл Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналып, «Отар» әскери полигонында өткен жауынгерлік шеруге қатысқан Астана қаласы аумақтық қорғаныс бригадасының 25 жауынгері қала әкімі Әсет Исекешевтің Алғыс хатымен марапатталды.

Қала басшысының атынан жауынгерлерді Астананың Қорғаныс істері департамен­тінің басшысы Ардақ Құқатов құттықтады.
«Мемлекеттік маңызы бар шараға сіздердің қосқан үлес­теріңіз зор. Қазақстан Президенті – ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы Нұр­сұлтан Назарбаев Қарулы күштер бөлімдері мен аумақтық қорғаныс бригадаларының қимылына өзінің жоғары бағасын берді. Мемлекет басшысы аумақтық қорғаныс бригадаларына әскери туды тапсырды. Сіздер бұл тарихи оқиғаның куәгері атандыңыздар. Бұл – мемлекет басшылығы мен халық тарапынан сіздерге артылған зор сенім. Біз бұл жоғары сенімді ақтауымыз керек. Қала әкімі атынан сіздерге еліміздің қорғаныс қабілетін жоғарылату ісінде табыс пен сәттілік тілеймін» деді ол.
«Қарулы күштері ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесі төрағасының орынбасары, генерал-майор Марат Нұғымановтың айтуынша, Астана қаласы аумақтық қорғаныс бригадасына Отан алдында әскери борышын өтеген, бүгінгі таңда запастағы жауынгерлер қабылданды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button