БілімРуханият

Жазба деректер не дейді?

Бас қаладағы «Қолжазбалар және сирек кітаптар» ұлттық орталығында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Ортағасырлық жазба деректердегі Қазақ мемлекеті» атты көрменің тұсаукесері өтті.

[smartslider3 slider=508]

– Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «Кезінде «Мәдени мұра» бағдарламасы ұлт шежіресін түгендеуге жол ашты. Отандық тарих ғылымы тың серпінмен дамып, түрлі бағыттар бойынша көптеген зерттеу жүргізілді. Бұрын бәймәлім болған қаншама тарихи деректер, археологиялық қазыналар табылды. Тарихымыз сан мың жылдан тамыр тартатынын айғақтайтын жаңалықтар ашылды. Елбасының осындай іргелі бастамалары халқымыздың тарихи санасын жаңғыртуға зор үлес қосты. Бағдарлама аясындағы еңбектер том-том болып жарыққа шықты» деген болатын. Осы ретте мемлекет, ұлт тарихын зерттеуде және оның ғылыми айналымға түсуіне жазба деректердің алатын орны маңызды. Жазба деректер – әр елдің, ұлттың, жердің тарихынан, мәдениеті мен рухани өмірінен мол мәлімет беретін құнды мұра, рухани байлық екендігін жас ұрпақтың санасына сіңіру, – деді Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш.
Көрмеге «Қолжазбалар және сирек кітаптар» ұлттық орталығының қорында жинақталған Қазақстан тарихына қатысты сирек кітаптар, хандардың хаттары, карталар қойылған. Атап айтсақ, алты тарихи еңбек (парсы тілінде), төрт карта және он шақты тарихи құжаттардың көшірмесі қамтылды.
Тұсаукесер рәсімінде тарих ғылымдарының докторы, профессор Тілеген Садықов бұл көрменің тарихи маңызына тоқталса, Ұлттық архив директоры Сағила Есімсейітқызы тарихи құнды мұраларды жинақтау, сақтау және оны ғылыми айналымға енгізу жұмыстарының ерекшеліктерін айтты. Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері әннен шашу шашты.

Баян Асылбекова

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button