Жаңалықтар

Жазда – футбол, қыста – хоккей

Қала әкімі Алтай Көлгінов елорда аудандарының аулалық аумақтары қалай өзгергенін тексерді.Үркер (201-көше, Есіл ауданы), Өндіріс (Байқоңыр ауданы) елді мекендерінде әмбебап алаңдар ашылады, футбол алаңын жылдың суық мезгілінде хоккей кортына ауыстыруға болады. Бұл кортта балалар хоккей ойнап қана қоймай, конькимен де сырғанай алады. Сондай-ақ тренажерлер орнатылып, workout аймағы жабдықталады. Әрбір осындай кешен инклюзивтік элементтермен жабдықталған ерекше қажеттіліктері бар балалар алаңдарда ойнап, спортпен шұғылдана алады.
«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында азаматтарды бұқаралық спортпен айналысуға шақырды. Барлығы аула спортынан басталады. Балалар бос уақытында футбол, хоккей ойнауға, конькимен сыр­ғанауға мүмкіндік алуы үшін спортпен шұғылдануға жағдай жасалуы тиіс. Аулалардың көрінісі мен не болуы қажеттігі туралы тұрғындармен келісе отырып шешіледі. Қоғамдық кеңістікті тұрғындардың пікірін ескере отырып дамытатын боламыз! Аула аумақтарын абаттандыру жұмыстарын одан әрі жалғас­тырамыз» деді А.Көлгінов. Сондай-ақ мұндай алаңдар Гете көшесі, 10 (Сарыарқа ауданы) және Өндіріс елді мекенінде (Байқоңыр ауданы) орнатылды. Бұл жобалар «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесіп іске асырылды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button