Денсаулық

Жедел көмек көрсетеді

Елордадағы емханаларда қанатқақты режимде жедел медициналық көмек бөлімшелері ашылды.

Қалалық №4, №5 және №10 емханаларда жыл басынан жедел медициналық көмек бөлімшелері іске қосылды. Негізгі мақсат – стационардағы дәрігерлер жүктемесін азайту және шұғыл алғашқы көмек қолжетімділігін арттыру.

«Біздің бөлімше жұмыс күндері сағат 8:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұнда травматолог пен хирург, терапевт дәрігерлер қабылдау жүргізеді, шұғыл қажет болған жағдайда науқастарға стационарда кезек күтудің қажеті жоқ. Фильтр-кабинетте жоғары дене қызуы, мұрыннан су ағу сынды маусымдық ЖРВИ, өзге де инфекция белгілерімен, ал қалған науқастарды шұғыл алғашқы медициналық көмек бөлімі қабылдайды» деді №10 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Арман Әлібеков.

Айта кетейік, жедел жәрдем көмегіне жүгінетін науқастар денсаулық жағдайына қарай 4 санатқа бөлінеді. Өмірге және денсаулыққа қаупі бар тізімге алғашқы 3 категория жатады. Енді 4-санаттағы науқастар, яғни өміріне аса қауіп төнбей, созылмалы аурулары асқынған немесе жедел өткір ауруларға тап болған тұрғындар тікелей емханаға барып, медициналық көмек ала алады.

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button