Елорда тынысы

Жедел шара өтіп жатыр

Қалалық Полиция департаменті елорда аумағында 24-30 қаңтар аралығында «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.

[smartslider3 slider=1923]

Аталған іс шара аясында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің жеке құрамы «Жаннұр» сауда үйінде әлеуметтік бюро өткізді. Ондағы мақсат – халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тұрмыстық қылмыстардың алдын алу және болдырмау.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған кез келген адам «102» нөміріне хабарласуына болады. Сол сияқты осындай жағдайдың куәгері болсаңыз, аудандық полиция басқармаларына әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау топтарының сенім телефондарына хабарласа аласыздар. Сіздің қоңырауыңыз басқа бір адамның өмірі мен денсаулығына араша түсуі әбден мүмкін» дейді ­Нұр-Сұлтан қаласы ПД ӘЗҚ тобының аға инспекторы Гүлмира Шрахметова.

Сауда үйіне келушілер тек сауда жасап қана емес, сонымен қатар құқықтық көмек алып, тұрмыстық зорлық-зомбылық орын алған жағдайда әрекет етудің алгоритмімен де танысты. Келушілерге брошюралар мен буклеттер таратылды. Тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарға өкілетті орган мамандары жауап берді.

Әсия НҰРБЕКҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button