Жедел жәрдем бригадаларының білімі тексерілуде
![](https://www.astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/2025/02/121f3c08-2c80-4998-a92a-dac2e9dbb9ae-780x470.jpg)
Астанада жедел жәрдем бригадаларын аттестациялау жүріп жатыр. Тест зардап шеккендерге госпитализациялауға дейінгі көмек көрсету, яғни науқастарға алғашқы шұғыл медициналық көмек көрсету туралы білімін тексеру бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Арнайы құрылған аттестаттау комиссиясы дәрігерлер мен фельдшерлердің біліктілік деңгейін тексереді. Құрамында әртүрлі саладағы штаттан тыс және жетекші мамандары бар сарапшылар тобы арнайы әзірленген бақылау парағы бойынша сұрақтар қояды. Сарапшылар әртүрлі жағдайларға мысалдар келтіреді. Командалар ауруханаға жеткізілгенге дейінгі кезеңде көмек көрсету және әрекет ету тактикасы туралы айтуы керек.
Бірінші күні 60 адамға баға берілді. Сертификаттау ақпан айының соңына дейін жоспарланған және ол барлық мобильді бригадада жүргізіледі: жедел жәрдем станциясының өзінде де, қалалық емханалардың бригадаларында да. Барлығы 680-ден астам адам.
Қызметкерлердің білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында осындай маңызды шараның ұйымдастырушысы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы болды.
«Бұл іс-шара 103 қызмет мамандарының білім деңгейін және кәсіби дағдыларын арттыруға бағытталған, өйткені олар зардап шеккендерге бірінші жетеді: бригадалар науқастың жағдайын бағалауы, денсаулығының ауырлығын анықтауы және т.б. Ары қарайғы әрекеттер осы мамандарға байланысты. Біздің мобильді топтардың кәсіби дайындығы мен білімі – қаладағы және жалпы республикадағы медициналық көмектің сапасының негізі», – дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Төлеуова.