Елорда тынысы

Жедел жәрдем паркі толықпақ

Елордалық жедел медициналық жәрдем автопаркі жақын арада 35 көлікпен толықтырылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Елордалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек осындай тапсырма берді. Бүгінгі күні қалалық медициналық көмек паркінің балансында 145 көлік бар.

Сонымен қатар, қала әкімі абаттандыруды жүргізу, аула мен қала аумақтарын мемлекеттің мұқтажына алу үшін бюджет ұлғайтылатынын атап өтті.

Үкіметтің тапсырмасын орындау аясында елорда әкімдігі апатты және ескі тұрғын үй қорын жаңарту жобасын іске асыру кезінде дайын тұрғын үйді сатып алу тетігін әзірледі. Осыған байланысты шамамен 1 400 пәтер сатып алуға облигациялар шығарылатын болады. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының дивидендтері есебінен инженерлік желілер құрылысын жалғастыру және тұрғын алаптарды газдандыру үшін қосымша қаржыландыру жоспарлануда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button