Денсаулық

Жедел жәрдем қызметіне шектеу жоқ

Өткен аптада жедел жәрдем қызметіне қатысты әлеуметтік желілерде түрлі пікірлер қаптады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев та өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған болатын. Халық шулағаннан кейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ресми мәлімдеме жасап түсіндірді.

«Жедел жәрдем қызметі қағидаларына өзгеріс енгізу көзделген жобада күнделікті тәулік бойы халыққа көрсетілетін жедел жәрдем қызметін шектеу туралы өзгеріс жоқ. Халық бұрынғыша 103 арқылы 24/7 режимінде жедел жәрдем шақыра алады. Бұл жобадағы өзгеріс емхана жанынан құрылатын бригадаларға қатысты. Халық арасынан жедел жәрдем қызметін ұзақ күту жайында шағымдар болу себебінен жедел жәрдем қызметін жақсарту мақсатында, оларға түсетін жүктемені реттеу мақсатында емханалар жұмыс уақыты кезінде мобильдік бригадаларды ұйым­дастырады» делінген хабарламада. Яғни, күндізгі уақытта хабарласқан науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп болмаса, оған емханалардағы бригадалар жіберіледі. Ал қалған уақыттың бәрінде жедел жәрдем стансаларындағы бригадалар барады.

«Бұл өз кезегінде жедел жәрдем қызметін ұзақ күтуді азайтуға септігін тигізеді деп жоспарлануда. Халықтың «103» қызметі бойынша толыққанды қызмет алуына еш кедергілер болмайтындығын ресми жеткіземін» деді министр.

Яғни, тәулік бойы халыққа көрсетілетін жедел жәрдем қызметіне қатысты ешқандай шектеу, өзгеріс болмайды.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button