Басты ақпаратДенсаулық

Жедел жәрдем жедел жетеді

Астанада жедел жәрдем стансаларын заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтау деңгейі 100 пайызға қамтылып отыр. Барлық бригадалар Weinman, BTL секілді жетекші әлемдік брендтердің техникасымен қамтамасыз етілген.

Жақында Астана қаласының жедел медициналық қызметіне тағы да 47 жаңа көлік берілді. Арнайы автокөлік кілттерін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен елорда әкімі Жеңіс Қасымбек салтанатты түрде табыс етті. Жаңа көліктер астаналықтарға жедел әрі сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Енді жедел жәрдем қызметі науқастарға бұрынғыдан да тез жетеді. Бүгінгі таңда елорданың жедел жәрдем стансасының қуаты 110 бригаданы құрайды, оның ішінде 25 мамандандырылған, 85 фельдшерлік бригада жұмыс істейді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button