Елорда тынысы

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы жиын өтті

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқарма басшысы Исабек Зауытбекұлының қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

2023 жылдың 3 наурызынан бастап елімізде жеке тұлға банкрот болуға өтініш беру басталған.  Статистика бойынша, бүгінге дейін Қазақстан бойынша 108 862 өтініш келіп түсіп, оның ішінде 15 018 жеке тұлғаға «банкрот» мәртебесі берілген. Қалған 83 828 өтініш қабылданбады, 1 879 өтінішті азаматтардың өздері кері қайтарып алған, бүгінгі таңда 8 137 өтініш қаралып жатыр.
Жақында, 2024 жылдың 19 маусымда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды. Түзетулер 2024 жылдың 25 тамыз айынан бастап күшіне енеді.
Түзетулер қолданысқа енгізілгеннен кейін:

1. Соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдерінде байланысты:
– міндеттемелер бойынша 1 айлық есептік көрсеткіштен кем төлемді қарыз бойынша өтеудің болмау мерзімін санаған кезде есептемейді;
– коллекторлық агенттікке берілген шарттар бойынша өтеудің болмау мерзімі құқық (талап ету) берілгенге дейінгі соңғы төлем күнінен бастап есептеледі;
– 12 айдан артық төлемдер болмаған жағдайда, орындалмаған міндеттемелерді реттеу бойынша шаралар қабылданғанын растау талап етілмейді.
Бұдан басқа, жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, несиелік шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша талап ету құқықтарына ие барлық ұйымдар алдындағы міндеттемелер бойынша рәсімді қолдануға болады.  Яғни егер ұйымның тиісті шарттар бойынша талап ету құқықтары болса, оның мәртебесіне (лицензиясынан айырылған, тарату үстінде, тізілімнен шығарылған) және нысанына (коллекторлық агенттік, микроқаржы ұйымы, арнайы қаржы компаниясы және т.б.) қарамастан, борышкер соттан тыс банкроттық рәсімі туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.

2. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсіміне байланысты:
– мерзімі өткен міндеттемелері болмаған және тұрақты кірісі болып, бірақ мүлкі болмаған жағдайда қолданады;
– төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкер елден тыс шыға алады.

3. Қаржы басқарушысына қатысты:
– кредиторлар өз талаптарын мәлімдемеген жағдайда, борышкер ұсынған деректерден кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыра алады;
– сот арқылы банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін өзінің сыйақысын төлеуді талап ете алады (қаржы басқарушысының сыйақысының төленбеген бөлігі тоқтатылуға жатпайтын міндеттемелердің тізбесіне енгізілген).
4. Уәкiлеттi орган қаржы басқарушысы борышкерге/ оның кредиторларына талаптары немесе міндеттемелері болғандықтан немесе егер ол борышкердің/кредитордың жақын туысы, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туысы болғандықтан өз өкілеттіктерін жүзеге асырудан бас тартқан жағдайда оны шеттете алады.
Сондай-ақ, борышкер соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш берген кезде, кредитор және қарыз сомасы туралы мәліметтерді көрсетпейді. Өтінішке құжаттарды қоса беруге міндетті емес. Енді тиісті рәсімді қолдану үшін жұбайының келісімі қажет.
Процедуралар  соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерінен тұрады.
Соттан тыс банкроттықты тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады.
Екінші рәсім – сот банкроттығы. Бұл рәсім барлық кредиторлар алдындағы 1600 айлық есептік көрсеткіштен (5,9 млн. теңге) астам борыштар бойынша жүзеге асырылады. Өтінішті борышкер азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотқа жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында береді. Процедура 6 айдан 12 айға дейін созылады. Сот Гейдар Әлиев 6 мекен-жайында орналасқан.   > Райхан Рахметова: Үшінші рәсім – сотта қарыздарды төлеуге бөліп төлеу мүмкіндігін көздейтін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру (5 жылға дейін). Оның артықшылығы – адам «банкрот» мәртебесін ала алмайды. Сондықтан оған банкрот үшін қарастырылған салдарлар қолданылмайды.


Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button