Жаңалықтар

Жеке жидашының жауһарлары

a0ac672aedd0d28b6afdf16e02d4a39a

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде белгілі кәсіпкер Нұрлан Смағұловтың «Жеке коллекция жауһарлары» атты көрмесі өтуде. Көрмеге ХХ ғасырдың 30-жылдарында жазылған картиналармен қатар, бүгінгі суретшілер мен мүсіншілердің 100-ге жуық туындылары қойылды. 

«Мен 20 жылдан бері жинап келе жатқан өнер туын­дыларының көрмесін тұңғыш рет өткізіп отырмын. Бұлардың әрқайсысының өзін­дік тарихы бар. Мен үшін барлығы құнды. Солардың ішінде ең шоқ­тығы биік туынды – Қуаныш Сұлтанов сыйлаған Әбілхан Қас­теевтің қыл­қаламынан туған дүние» деді Н.Смағұлов. Кол­лекция иесі қазақ­стандық қыл­қалам шебері Әбді­рашит Сыдыхан мен америкалық суретші Энди Уорхолдың картиналарын Ұлттық музейге сыйға тартты. Нұрлан Смағұловтың коллек­циясында Әбілхан Қастеев, Қожа-Ахмет Ходжихов, Сабыр Мамбеев, Молдахмет Кенбаев, Айша Ғалимбаева, Сахи Романов, Кенжебай Дүйсенбаев, Дулат Әлиев, Ерболат Төлепбаев және тағы басқа талантты суретшілер мен мүсіншілердің жұмыстары бар.
Сонымен қатар, коллекционер Қа­зақ­станға соғысқа дейін, соғыс ке­зінде және соғыстан соң көшіп келген өнер иелерінің де туындыларын жина­ған. Олардың қатарында Леонид Леонтьев, Мария Лизогуб, Алексей Сте­па­новтың суреттері, Сэрэнжаб Бал­дано мен Рысбек Ахметовтың ағаш­тан, қыштан жасаған мүсіндері бар.
Көрменің ашылу салтанатына Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері және өнер мен мәдениет жанашырлары қатысты. Көрме 19 шілдеге дейін жалғасады.

Күнайым СӘКЕН

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button