ӘлеуметБілімҚала тіршілігі

Жекеменшік балабақшаға тегін барады

Жақында Алматы ауданының әкімдігі мен «Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі астаналық филиалы арасында өзара серіктестік туралы келісімге қол қойылды. Осы келісім аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Бақытты отбасы» шарасы өтті.

[smartslider3 slider=873]

Онда 30 отбасының балаларына жекеменшік балабақшаға тегін бару үшін сертификаттар тапсырылды. «Бақытты отбасы» ұлттық жобасы Nur Otan партиясының негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Жобаның басты мақсаты – мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп, көмек қолын созу.

«Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығы» қоғамдық бірлестігіне балаларға балабақшаға бару бақытын сыйлағаны үшін шексіз алғысымды білдіремін» деді Алматы ауданының әкімі Ерлан Бекмырзаев.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button