Жаңалықтар

ЖЕКЕМЕНШІКТЕН ГӨРІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ДҰРЫС

Астана күнінде концерт қоятын «Астана самалы» үрмелі оркестрдің шеруіне байланысты 6 шілде күні Республика даңғылының Әскери-тарихи музейінен бастап Жастар сарайына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі.

8c579f65c03448d0157aaed9b0d

Осы аумақта көлік қозғалысы тура Астана күні сағат 10.30-дан 12.30-ға дейін жабық болады. Сондықтан жол инспекторлары жүргізушілерге Бейбітшілік пен Уәлиханов көшесі және Сарыарқа даңғылымен айналып жүруге кеңес береді.
Астана қаласы Ішкі істер департамен­тінің полициялары мереке күндері көшеде аса сақ болып, жүретін жолдарын алдын ала жоспарлап алуға шақырады. Негізі, жекеменшік автокөліктен гөрі жолаушылар көлігімен жүрген дұрыс дейді олар.
Елордалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің инспекторы Ләззат Бисембаеваның айтуынша, 5-7 шілде аралығында қоғамдық орындардағы бұзақылықтар мен тәртіп бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу мақсатында тиісті қызмет өкілдері күшейтілген режимде жұмыс істемек.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button