Қала мен Сала

Желілік саябақ қандай болады?

Астананың ­«Абу-Даби Плаза» көпфункцио­налды кешені мен ­Ботаникалық бақтың арасында желілік саябақ салынады.

[smartslider3 slider=3006]

Нұр-Сұлтан қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы көрсеткен жобаның эскиздері негізінде бұл аумақта қала тұрғындары мен елорда қонақтары үшін алаңсыз демалуға арналған орындар, көлеңкелі шатырлар, ойын алаңдары, спорт аймағы, заманауи суару жүйесімен қосымша көгалдандыру, велосипед жолы салынады.

Сызықтық саябақ – бұл екі учаске. Біреуі – шаршы пішінді, ауданы 44675 м2, екіншісі – тікбұрышты, ауданы – 95511 м2. Сонымен бірге бас қаладағы Ақмешіт және Түркістан көшелерімен қатар екі жаяу жүргінші жолын салу жоспарланып отыр.

Мамандардың мәлімдеуінше, олардың бойында креативті арт-нысандар, орындықтар, қоқыс жәшіктері қойылып, гүлзарлар ашылады. Қыста мұз айдыны жасалады.

Тротуарлар, соқпақтар, көгалдар, спорт және балалар алаңдары бейнебақылау астында болады. Сондай-ақ мұнда резеңке жабыны бар велосипед жолдары да жасалады.

Қаладағы «Абу-Даби Плаза» көпфункционалды кешені мен Ботаникалық бақтың арасындағы аумақ алдағы уақытта мүгедектерге арналған арбалары бар қонақтарға ыңғайлы болу үшін дизайн-код пен кедергісіз орта талаптарын ескере отырып, абаттандырылады.

Серуендеу жолдарының бо­йында көпжылдық бұталарды отырғызу қарастырылған. Көгалдандырудың жалпы ауданы 79920 м2 құрайды.

Қала басшысының айтуынша, биыл Нұр-Сұлтан қаласында барлығы 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button