Ұлттық құрылтай

Желтоқсан енді тасада қалмайды

Ұлт ұясы – Ұлытау төрінде өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің басты мерекесі өзгеретіні туралы мәлім етті. Қазір мемлекеттік мерекелер тізімінде ұлттық мереке ретінде 16-17 желтоқсанда аталып өтілетін, «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» деп белгіленген екен. Бұрын Республика күні ретінде аталып жүрген 25 қазан – Тәуелсіздік декларациясы қабылданған күн бұл тізімнен қашан түсіп қалғаны да белгісіз. Ал енді бұрындары ұлттың жаңару, жаңғыру күні ретінде аталып өтетін 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасы да мемлекеттік мерекелер тізімінен өшіп кеткенін аңғармаппыз.

[smartslider3 slider=3264]

Жұртшылық әлеуметтік желілерде әртістердің көйлегін сөз етіп жүргенде байқамай қалған болу керек. Ең бастысы, 3-4 күн демалған соң әйтеуір мереке ғой деп жүрген де шығармыз. Тіпті халықтың біраз бөлігі біз сол 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын тәуелсіздік мерекесіне айналдырдық деп жаңсақ ойлап жүргені де жасырын емес. Ал енді бір қауым ел кешегі ызғарлы Желтоқсан оқиғасы қасақана Тәуелсіздік мерекесінің тасасында қалдырылған жоқ па деп күмәнданып жүретін. Жаңа Қазақстан бұл мәселеге де басқаша маңыз беруге бел буған екен. Бұл өзі халық жиі қозғап, көптен шешімін күтіп жүрген, әділдік жолына жасалған батыл қадам болды деп айтар едік.

Сонымен Мемлекет басшысы Ұлытауда былай деді: «Елдің тарихи жадын жаңғырту үшін үйлесімді саясаттың болуы ерекше маңызды. Осы орайда, біз ел дамуының жаңа басымдықтарын белгілеп алуымыз керек. Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек.

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек».

Тағдыр қосқан, кіндігіміз жабысқан алып ел, құдайы көрші Ресей Федерациясы 12 маусым күні ең басты мерекесі – Ресей күнін атап өтеді. Себебі 1990 жылы 12 маусымда Халық депутаттарының І съезінде «Мемлекеттік егемендік туралы» декларация қабылданған екен где взять займ безработному. Ал 1991 жылдан бастап елдің ең басты мерекесі ретінде тойлануда. Ту көтеріледі, мемлекеттік марапаттар тапсырылады. Дәл осы мәндес құжатты Қазақ ССР Жоғарғы Советі 1990 жылы 25 маусымда қабылдады. Қаулыға Қазақ ССР Жоғарғы Советінің председателі Ерік Асанбаев қол қойған екен. Бұл құжатты Президент Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадам» деп жоғары бағалайтын жөні бар. «Қазақстан халқының еркін білдіре отырып… Қаз ССР мемлекеттік егемендігін жариялайды» деп басталатын тарихи құжат қызыл империя – алып Кеңес Одағы әлі ыдырамай тұрған кезде қабылданған болатын. Сонымен де маңызды, ерекше. Ал 1991 жылғы 16 желтоқсанда Парламент (төрағасы С.Әбділдин) тәуелсіздік туралы заң қабылдағанда, сол алып империя болған елдің жұртында Қазақстаннан басқа ешқандай мемлекет қалмаған еді. Енді мәні мен маңызын, айырмашылығын салыстырып көре беріңіз.

Ұлтының арманы мен үмітін, болашағын ту етіп алаңға шыққан, талай боздақтың қаны төгілген, тағдыры тәлкекке түскен, қудалауға ұшыраған, жазаға кесілген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қызыл империяның көбесін сөгуге себеп болды деп бағалап жүр тарихшылар. Осы оқиғадан кейін кешегі кеңес халқының қазақтарға деген құрметі де ерекше артқаны белгілі. Темірдей қаруланған тоталитарлық жүйеден қаймықпай талап қойған жастардың жігері кейінгі ұрпаққа да үлгі болуы тиіс. Сондықтан Мемлекет басшысы Ұлытауда «Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек» деп ашық айтқан екен. Иә, 17, 18 желтоқсан той тойлайтын емес, тағзым ететін қастерлі күнге айналады деген үміт бар. Сөзімізді Ұлытау төрінде Президент қолынан жоғары марапат алған Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шаханов өлеңімен қорытындылаймыз:

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға

                                                           жаққан алауы.

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің

Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы.

Иә, жалауымыз ешқашан жығылмасын!

Тағыда

Еркін Қыдыр

«Астана ақшамы» газетінің бас редакторы

Пікір үстеу

Back to top button