Әлеумет

Желтоқсаншыларға көмек көрсетіледі

Қалалық мәслихат депутаттары Желтоқсан оқиғасына қатысқан елордалықтарға әлеуметтік көмек көрсету жобасын мақұлдады.

[smartslider3 slider=1381]

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында «Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы Астана қаласы мәлихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы шешіміне өзгеріс­тер енгізу туралы» шешім жобасы сарапқа салынды. Құжатты Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина таныстырды.

Әкімдік өкілі жоба бо­йынша әлеуметтік қолдау шараларын ұсынды. Атап айтқанда, Конституция күніне орай зейнеткерлер мен біржолғы төлем алушылар арасынан Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен тұлғаларға 2 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеу­меттік көмек көрсету; Ауғанстандағы әскери қимылдарға қатысқан ардагерлерге, Чернобыль АЭС-індегі апат салдарын жоюға қатысқаны үшін алатын жеңілдіктер әскери қимылға қатысушылармен теңестірілген тұлғаларға атаулы күндерде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін 30 АЕК-ке дейін өсіру; 1986 жылдың 17-18 желтоқсанындағы оқиғаларға қатысқан, «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР заңының тәртібі бойынша ақталған саяси қуғын-сүргін құрбандарына санаторлық-курорттық емдеу, коммуналдық қызметтерді өтеу қызметін көрсету; әлеуметтік маңызы бар сырқатқа шалдыққан адамдарға қатты отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру мәселесі көтерілді. Мәслихат депутаттары шешімді бірауыздан мақұлдады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button