Жаңалықтар

Жеміс ағаштарын қорғайды

Елордалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы және «Астана орманы» ЖШС-і ақпан-наурыз аралығында ағаштарды кеміргіштерден үркіту заттарымен өңдеу жұмыстарын жүргізуде.

[smartslider3 slider=2527]

Аталған амал Павлодар тас жолы, Талдыкөл су қоймасы және Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуінің оңтүстік-­батыс бағыт кварталдарының аудандарындағы 50 000 гектар жасыл алқапты қамтиды.

Қыста алма ағаштарының және жасыл белдеудегі жеміс ағаштарының басты зиянкесі – қояндар. Ағаштарды қорғау үшін қыс мезгілі басталысымен «Астана орманы» ЖШС кеміргіштерді үркітетін препараттармен өңдейді. Өйткені жеміс ағаштарын кеміргіштерден қорғау – жасыл белдеудегі басты міндеттердің бірі.

Бүгінгі таңдағы жұмыстардың бірі – елорданың шығыс бөлігіндегі 155 129 ағаштың ұшар басын табиғи бояуға келтіру болып отыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button