Ресмиет

Жемқорлық – қоғамның жарасы

Қоғам. Адам. Сана. Олар жұмыла, дами келе өркениетті, дамыған ортаның қалыптасуына себепші болады. Саналы адам қоғамға өз үлесін қоса келе, сол қоғамды ілгері жылжытатыны анық. Ал дәл осылай қалыптасып келе жатқан ортаға іріткі қосатын басқа факторлар да жоқ емес. Олардың бірі әрі бірегейі – жемқорлық. Заманымыздың тағы бір дерті де – осы.

Қанша күрескенмен, оның «жылы қанаты­ның» астынан пана іздейтін адамдардың қатары да сиремей жатыр. Бұл істің арқасында кәсібін дөңгелетіп, біраз «жағдайын» жасап алғандар да жоқ емес. Тіпті, құрықталып, сотталған «әріптестерінің» мысалы да бұл азаматтарды қорқытпайтын сыңайлы. Бұл дерт өршіп бара жатқан тұста еліміз сан алуан шараларды қолданды. Алды­мен бұндай істермен айналысып, алдын алатын арнайы департамент те құрды, заң да қабылдады. Жыл­дар өтті. Ал «жемқорлық» деген індет та­мыры­мен жоғалғанын байқап жат­қа­нымыз жоқ. Өкінішті. Жақында аталмыш «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға толықтырулар енгізіледі деген сыбысты құлақ шалған еді. Ендігі үміт – осы заңның қаталдығы жемқорларға қолбайлау болса.
Осы ретте, мемлекеттік органдар көптеген жұмыстарды қолға алуда. Мемлекеттік қызметке тұрмас бұрын, үміткерлер басқа заңдармен қоса, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы бойынша да тестілеуден бағын сынайды. Яғни, мемлекеттік қызметке тұратын әр азамат бұл Заңның мазмұны мен оның жазаларымен жақсы таныс болады деген сөз.

Бүгінгі күні жемқорлық пен сыбайлас жемқорлықтың кез келген жағдайына тап болған адам бұл факті жайында құ­зырлы органдардың сенім телефондарына хабарлай алады.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департа­ментінің қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жиі ұйымдастырылады. ТЖД мамандары жергілікті атқару органдарымен, қалалық шұғыл қызметтермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Сондай-ақ, меншік нысанына қарамастан қаладағы объектілерде тө­тенше жағдайдың алдын алуға бағыт­талған тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Тексеру барысында нормативтік-құқықтық актілер талаптарының бұзыл­ғаны анықталуы мүмкін. Ондай жағдайда Әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы кодексті негізге ала отырып, бел­гілі талап­тарды бұзған тұлғаға қатыс­ты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттама толтырылады. Оған қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарылып, жіберілген кемшіліктерді жоюға ұсыным беріледі.
Астана қаласы ТЖД-нің мұрындық болуымен, аталмыш індеттің алдын алуға бағытталған іс-шаралар биылғы жылы көптеп ұйымдастырылды. 30 мамыр күні Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары В.Овчинниковтың төр­ағалығымен «Департаменттің инженерлі-инспекторлық құрамының қызметінде сыбайлас жемқорлық заңын бұзуды болдыртпау және әкімшілік тосқауылды төмендету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оның барысында Астана қаласы Прокуратурасының, Әділет департаментінің өкілдері және «Нұр Отан» халықтық-демо­кратиялық пар­тиясының астаналық филиалының өкілдері мен департамент бөлімшелері қатысты. Отырыс барысында қозғалған тақырыптардың бірі – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдар­ламасы туралы болды. Бұдан бөлек, заңды тұлғаларды тіркеу саласында қызықтырған сұрақтар қойылып, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңға толықтырулар енгізілуі мүмкін туралы мәселелер қозғалды.

Ағымдағы жылы бұл тақырып төңі­регінде атқарылған жұмыстардың қа­тарында Қаржы полиция ака­демия­сының полиция аға лейтенанты Р.Ай­мұқановпен кездесуді де атап өтуге болады. Іс-шараға Астана қаласы ТЖД басқарма, бөлім бастықтары, «ӨС және АҚЖҚ» ММ, ӨСБ, МӨСБ бас­тықтары қатысты. Негізге алынған тақырып – «Қазақстан Республикасы Президентінің Жолда­уында айтылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды жетілдіру» болды.

Аға лейтенант Р.Аймұқанов Қазақстан Рес­публикасының Қылмыстық ко­дексіндегі сыбайлас жемқорлық және қыл­мыстық құқығын бұзу саласына өзгерістер енгізу жоспарланып жат­қандығын баяндады. Кеңес диалог тү­рінде өтті. Көкейкесті мәселелер тал­қылауға шығарылып, оларға өкілетті маман толық жауап қайтарды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мем­лекеттік құрылым­дардың назарын сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігіне бірнеше рет аударған болатын. Оның әлемдік деңгейдегі мәселеге айнал­ғанын, бұл дерттің саяси тұрақтылығы мен экономикалық даму деңгейі жоғары мемлекеттерде де орын алғандығын тілге тиек еткен. Осы әлеуметтік зұлымдықтың алдын алу үшін сыбайлас жемқорлыққа жол ашатын жағдайларды үнемі жойып, сақтандыру жұмыстарын жүргізіп отыру қажет.

Мемлекеттік қызметте жүрген әр азамат өз қызметіне адал, ар-ұят пен басқа да құнды­лықтарды жоғары қоятын болса, қоғамда жемқор­лыққа жол берілмейтіні анық.

Құрметті қала тұрғындары! Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қызмет­кер­лерінің тарапынан жүргізіл­ген тексерулердің нәтижесінде, сыбайлас жемқорлыққа жол берген жағдайды байқаған болсаңыздар, 70-17-22 сенім телефондарыны қоңырау шалыңыздар.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button