Елорда тынысы

Жемқорлыққа жол жоқ!

Елордада Астана әкімі Жеңіс Қасымбек пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малаховтың жетекшілігімен қалалық әкімдіктің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындысы бойынша енгізілген ұсынымдарды орындау жөнінде кеңес өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында әкімдік сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствомен бірлесіп, бірқатар шаралар жүргізіп жатыр. Бизнес-процестер оңтайландырылды, барлық мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа ауыстырылды, елорданың аудандық әкімдіктері «Ашық әкімдік» режимінде жұмысын жүргізіп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа алғышарттарды жоюдағы жүйелі тәсіл мақсатында әкімдік басқармаларының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді.

Мәселен, Білім басқармасы мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын талаптарды күшейту бойынша бірқатар жобаларды қабылдады: балаларды нақты сабаққа қатысу бойынша ашық табельдеу, ЖАО бекіткен тамақтану құны жазылған жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда үлгілік шартты енгізу. Сонымен қатар оқу ұйымдарының (мектептер, балабақшалар, колледждер) 39 басшысы ротацияланды.

Мәдениет басқармасы ведомстволық бағынысты кәсіпорындарды субсидиялау бөлігінде операторлармен меморандумға қол қойды, оған сәйкес мекемелер отыратын орындардың толық сызбасын көрсетуге және бару билеттерін тек электрондық билеттеу жүйесі бойынша және т.б. сатуға міндетті.

Кеңесте цифрлық технологияларды одан әрі енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетуге және адами факторды болдырмауға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Жүргізіліп жатқан жұмыстар бірінші кезекте сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын болдырмауға және жоюға бағытталған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button