100 қадам - Ұлт жоспарыҚоғам

Жемқорлықты жоюдың жолы қандай?

Мемлекет басшысы  «100 нақты қадам» ұлт жоспарында жемқорлықпен күресті күшейту мәселесіне айрықша мән беріп, осыған байланысты жаңа заңнамалар әзірлеу, жемқорлық құқық бұзушылықтың  алдын алу және сауықтыру үшін  арнайы бөлім құру жөнінде тапсырма бергені белгілі.

Осыған байланысты биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданды. Онда сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту бағытында бірқатар талаптар қойылған. Айталық, мемлекеттік қыз­мет туралы заңнамада сыбай­лас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық нормалары қарас­тырылған. Қандай да бір сы­байластық әрекеті үшін лауа­зымды тұлғаларға жауап­кер­шілік күшейген. Тіпті, жоғары органдардың басшылары, әкімдер өздері жемқорлық қылмысын жасамаса да олар тағайындаған мемлекеттік қыз­меткерлерде мұндай әрекет байқалса, әлгі басшының өзі отставкаға кетеді.
Сонымен қатар, мемлекеттік лауазымдарға заңсыз тағайын­даулар, мемлекеттік лауазым­дарға орналасуға арналған конкурстың тәртібін бұзғандар, тәртіптік жазаны заңсыз бергендер де қатаң жауапкер­ші­лікке тартылады.
Жоғарыда аталған жұмыстар­дың бәрі сыбайлас жем­қор­лықты азайту мен алдын алуға негізделген. Президент бас болып, жемқорлықты ауыз­дық­тауға байланысты көптеген шаралар жасалып жатыр. Бір ғана мысал, осыдан екі жылдай бұрын елімізде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді. Бұл бағдарламалық құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық іс-қимыл тізбектелген. Оның мақсаты – жемқорлықты түбірімен қысқарту, жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, осыған қатысты халыққа кеңінен мәлімет беріп, жұртшы­лықтың жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін жоғарылату.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Астана қаласы бойынша департаменті – сыбайлас жемқорлықпен күресетін бірден-бір мекеме. Департамент сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін бақылау, бағалау, сараптау бағытында тұрақты тексерулер өткізіп тұрады. Былтыр орталық мем­­лекеттік органдардың 12 аумақтық, жергілікті атқару органдарының 16 құрылымдық бөлімшесінің қызметіне ба­қылау жүргізіліпті. Соның қо­рытындысында жемқорлыққа жол ашқан 170 жағдай мен 38 жасырын мемлекеттік қызмет көрсету анықталған.
Ал биылғы қаңтар-сәуір айлары аралығында жемқорлық тәуекелдерін анықтау сараптамасы бойынша квазимемлекеттік сектор субьектілері мен мем­лекеттік мекемелерде жем­қор­лыққа әрекет етудің 98 оқи­ғасы анықталған. Оның 41-і – мемлекеттік қызмет саласында байқалған. Ал 21-і – жасырын мемлекеттік қызмет көрсету болған.
Бұған қоса, Астана қаласы бойынша департамент жемқор­лыққа қарсы мәдениетті қа­лыптастыру мақсатында 34 семинар, 8 дәріс, 6 дөңгелек үстел жиынын өткізіпті.
Мемлекеттік қызметтерде жемқорлықты азайту мақ­сатында ҚР Мемлекеттік қыз­мет істері министрлігі әрбір мемле­кеттік органның сайтында кемшіліктерді анықтау үшін жұртшылық арасында сауалнама жүргізу, жемқорлықтың алдын алуға байланысты мемлекеттік мекемелер қандай шаралар жасап отырғаны жөнінде есебін енгізу сынды ұсыныстар қарастырған. Жемқорлыққа қарсы мониторингті жетілдіруге бағытталған бұл шаралар Астана қаласында да қолдауға ие болды.
Жалпы сыбайлас жемқор­лықпен табысты күресетін елдердің тәжірибесін зерделесек, олар үлкен жемқорлыққа жол ұсақ әдепсіздіктен, біреудің құқын бұзудан басталатынын түсінген. Сондықтан бұл елдерде оның алдын-алуға ерекше мән береді. Біздің елімізде де «мүлдем төзбеушілік» қағидаты бар. Қазақстанда пара алушы ғана емес, пара беруші де жауапкершілікке тартылады. Сондықтан тек мемлекеттік қызметкер ғана емес, әр азамат сыбайлас жемқорлықты болдырмау шараларын қарастырып, кішкентай әдепсіздіктің өзіне немқұрайлы қарамау керек. Ұсақ бұзақылықтың өзі үлкен қылмысқа жетелейтінін ешкім естен шығармауға тиіс.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button