Жаңалықтар

Жеңiл жүрiстi 126 қыз құрықталды

Астана қаласы Iшкi iстер департаментi сәуiр айынан бастап «Мен – Сiздiң учаскелiк полиция инспекторыңмын» атты акция жұмысын бастады. Бұл жөнiнде IIД баспасөз қызметiнiң аға инспекторы Эльмира Шәуленовамен әңгiмелестiк.

– Акция барысында халықтан қандай шағымдар түстi?
– Учаскелiк полиция инспекторлары шара аясында маскүнемдiк, нашақорлықпен күрес, жеке мүлiктi сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерiмен айналысты. Осы жұмыстар барысында халықтан түскен шағымдар да болды. Солардың бiрi – қаладағы жеңiл жүрiстi қыздардың жолына тосқауыл қою. Расын айту керек, құқықбұзушылық көбiне түнгi көбелектер көп жүретiн маңайларда орын алады.
– Нақты қай жерлерде екенiн айтып өтсеңiз… Рейд кезiнде негiзiнен елорданың қай аймағы басым бақылауда болды?
– Нақтырақ айтқанда, олар «Көктем» сауда үйiнiң алдында, вокзал маңындағы алаңда, Гете, Құтпанов, Бейбiтшiлiк көшелерiнде, Астана медицина университетi аумағында жезөкшелiкпен айналысады. Көрсе-тiлген мекен-жайлар бойынша департамент қызметкерлерi iске жұмылды-рылды.
– Нәтижесiне тоқталсаңыз…
– Иә, қауырт жұмыс барысында барлығы 200 адам құрықталды. Оның 126-сы жеңiл жүрiстi қыздарымыз. 36-сы мас күйiнде қоғамдық орындарда жүргендер, ал 24 азамат абаттандыру ережесiн бұзғаны үшiн айыпқа тартылды.
Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button