Қала мен СалаЭкономика

Жеңілдетілген несие беріледі

Кәсіпкерлік саланың қайта жандануына мемлекеттік қолдау күшейтіліп, шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелендіру жұмыстары жалғасуда. Осы жылдың бірінші тоқсанында 663 млрд теңге сомасына 16 мыңнан астам жоба жеңілдетілген несиемен қаржы алса, жыл соңына дейін 2,5 трлн сондай несие 47 мыңнан астам жобаға беріледі деп жоспарланып отыр.

[smartslider3 slider=762]

Осылайша коронавирус дағдарысынан кейін кәсіпкерлік саласы қайтадан жандана бастады. Бір жылдың ішінде шағын және орта бизнесте өнім шығару бірден 25%-ға өскен. Шығарылған өнімнің көп бөлігі шағын кәсіпкерлікке тиесілі. Осы салаларда жұмыспен қамтылғандар да көп. Шағын және орта бизнес субъектілері шығарған өнім көлемі биыл қаңтар-маусым аралығында 17,5 трлн теңгені құрады. Сектордағы жылдық өсім еліміздің барлық өңірінде байқалды. Шағын және орта бизнес несиелерін қайта қаржыландыру жұмысы да тоқтаған жоқ. Былтырғы 15 наурыз бен биылғы 15 наурыз аралығында 9 мыңға жуық жобаны қайта қаржыландыру үшін 475 млрд теңгенің субсидиясы берілген. Биыл субсидия бөлінетін салалар көбейе түскен.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button