Жаңалықтар

ЖЕҢІС ТУЫ

reih

1945 жыл, сәуір айы. Соғыстың шешуші кезеңі. Фашизмнің соңғы қамалы Рейхстаг қана қалды. Небәрі – 300-ақ метр!..  

Мыңдаған шақырымды кескілескен шайқаспен жүріп өткен жауынгерлер ең соңғы құзғындар ұясын бұзу оңай болмайтынын жақсы түсінеді. Жан аямай арпалысқан жаралы жауды тізе бүктірер ақтық айқас асқан ерлік пен батылдықты талап етеді…
30 сәуір. Берлин.
…Бұл күні ержүрек қазақ жауынгері Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа ең бірінші боп Жеңіс туын тікті!..
«…Сәуірдің 30-ы күнгі сағат 18 бен 19 аралығындағы біздің көңіл-күйімізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Өзіміздің тірі екенімізге, фашизмнің ордасы – Рейхстагтың дәл өзінде тұрғанымызға сенер-сенбесімізді білмедік. Қуаныштан көзімізден жас шыққанын да аңғармай қалдық. Біз ол кезде әлі жас едік. Вяткалық Григорий Булатов он тоғызда болса, мен жиырмадан жаңа асқам. Сол күні жеті сағат ішінде (сағат 11-ден 18-ге дейін) тақтайдай жазық, еш бұдырсыз асфальт үстімен жаңбырша жауған оқ астында бар-жоғы 300 метр жер жылжыппыз!..» деп еске алады кейін бұл оқиға жайында Рақымжан ағамыз.
Жуырда сол Рейхстагқа тігілген Жеңіс туының көшірмесін ҚР Ұлттық мұрағатына салтанатты тапсыру рәсімі өтті.
Қастерлі ту кірпік қақпай сымдай тартылған жас ұландар төсінде, жеңіс маршымен жазыла керіледі…

Тұрмағанбет КЕНЖЕБАЕВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button