SportЖаңалықтар

ЖЕҢІСТІ СЕРИЯ ЖАЛҒАСУДА

Қазір нағыз бабында тұрған «Барыс» хоккей клубы бесінші рет қатарынан жеңіске жетті. Бұрнағы күні «Барыс» өз айдынында екатеринбургтік «Автомобилист» командасын қабылдап, жауапсыз төрт гол соғып, басым түсті.

????????????????????????????????????

Елордалықтар матч басталысымен ентелей алға ұмтылды. Үсті-үстіне соқ­қылаған шабуыл көп ұзамай нәтижесін берді. Кирилл Панюковтың лақтырған шайбасын қақпашы қағып түсіргенімен, Александр Липиннің соққысына тойтарыс бере алмады.
Келесі жиырма минутта Екатеринбургтен келген қонақтардың сәл еті тіріле бастағандай көрінген. Бірақ Брэндон Боченски ұрымтал сәтті пайдаланып, бос жатқан бұрышқа шайбаны тоғыта салды. Артынан Найджел Доус есепті еселеп кете жаздады. Көп ұзамай ол ақыры дегеніне жетіп, Сен-Пьер мен Даллмэн бастаған шабуылдың тамаша нүктесін қойды.
Үшінші айналымда да астаналықтардың асығы алшысынан түсті. Тағы екі гол салды. Кеудесін «оққа» тосқан, сол өткендегі «Мервешнак» клубының 29 соққысына төтеп берген «Барыс» қақпасын күзеткен Хенрик Карлссон бұл жолы табандылығынан таймады. Иә, сол кездегідей қақпасын құрғақ сақтап қала алды.
Есеп – 4:0. Бұл нәтиже «Барысты» плей-офф аймағынан бір-ақ шығарды.

0cfe40dce8bd1079b660382684cffb3bАлександр Липин,
«Барыс» командасының ойыншысы:

– Біз бұл ойынға тыңғылықты дайын­далдық. Қарсыласымыз – плей-офф жолын­дағы көлденең кедергіміз. Алты ұпай үшін болған айқаста мұрнымыздан қан кеткенше қарсы тұру керек болды. Осыған дейін бұларға екі рет есе жібердік. Жігіттер өздерін жақсы ұстады. Бәрі жарады. Карли тектен-тек ең үздік ойыншы атанған жоқ. Ол – қазір, сөзсіз, команданың бірінші қақпашысы. Біздің алаңда жасаған қателіктеріміздің бар­лығын сол тазалап отырады. Сон­дықтан осы жеңістің үштен екі бөлігі – соның еңбегі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button