Жеңістің 80 жылдығына орай челлендж басталды

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Астанада «Менің Жеңіс тарихым» атты патриоттық онлайн-акция басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«Менің Жеңіс тарихым» челленджі аясында елордалықтар әлеуметтік желідегі жеке парақшаларында соғысқа қатысқан туыстарының оқиғаларын, сонымен қатар отбасылық мұрағат суреттерін, естеліктерін жариялайды.
Қатысушылар Ұлы Отан соғысына қатысқан жақындарына арналған фотосуреттер мен видеороликтерді қысқа әңгімелер немесе естелік ретінде жариялайды.
Челлендж аясында сонымен қатар майданнан келген хаттарды, батырлардың ерлігі жайлы өлеңдерін оқып, соғыс жылдарындағы әндерді орындай алады.
Бұл челлендждің мақсаты – соғысқа қатысқан жақындары туралы, сол сияқты отбасылық оқиғалар мен мұрағат материалдарын тарату. Бұл өткенді мәңгілік сақтауға және Ұлы Отан соғысының батырларына құрмет көрсетуге септігін тигізеді.
Челленджге қосылу арқылы әрбір адам Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында тарихтың сақталуына үлес қосып, бірлік рухын қолдай алады.