Ел тынысы

Жер асты сулары бойынша жаңа ұлттық қызмет құрылады

Қазақстанда «Қазгидрогеология» қайта құрылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстанда гидрогеологиялық қызмет құру туралы құжат дайындады.
«Жарғылық капиталына 100 пайыз мемлекет қатысатын «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылсын», – делінген «Ашық АНҚ» сайтында жарияланған құжат мәтінінде.
– жер асты суларын басқаруды цифрландыру;
– жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып, гидрогеология және геофильтрация үлгілері, цифрлық және картографиялық деректер базалары және оларды басқару жүйелері саласындағы деректер базалары мен тұрақты географиялық ақпараттық жүйелерді құру.
Құжат 19 сәуірге дейін талқыланады.
«Қазіргі таңда Қазақстан экономикасындағы жер асты суларын пайдалану үлесі 7-10 пайызды құрайды. Біз бұл ресурстарды ауыз сумен қамтамасыз ету, суару және мал жаю үшін белсендірек пайдалануға ниеттіміз. Құрылып жатқан Ұлттық гидрогеологиялық қызмет еліміздің жер асты су ресурстарын барлау мен қорғауға арналған», – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында еліміздің барлық су шаруашылығы жүйесін реформалау қажеттігін атап өткен болатын. Ол Ұлттық гидрогеологиялық қызметті қайта құруды тапсырды.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button