Басты ақпаратЖаңалықтар

Жер тағаты таусылмасын десеңіз

пвапвапв

Жиынға Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының серіктесі, «Тұрақты даму» жер қорының қоғаммен байланыс қызметінің директоры Руслан Шефер, «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Мүкей, «7 телеарнаның» жүргізушісі Камиль Галиев, Қазақстандағы биоло­гиялық алуан түрлілікті сақтау ассоциациясы білім бағдарламаларының үйлестірушісі Жанна Ақсатарова және «Билайн Қазақстан» компаниясының әлеу­меттік жобалар жөніндегі менеджері Анар Жұма­ғұлова қатысып, жұртшылықты жарықты үнемдеуге шақырды.

Былтыр «Жер сағаты» акциясына әлем бойынша 2 миллиардтан аса адам қатысқан болатын. Бастама барысында Эйфель мұнарасы, Кремль, Биг Бен, Рим Колизейі, Алматыдағы Көктөбе телемұнарасы, Астанадағы Бәйтерек секілді әйгілі мәдени нысандар жарығын бір сағатқа өшіргені белгілі. Шартарапта түрлі концерттік бағдарламалар өткзіліп,  акция үлкен бұқаралық шараға ұласқан болатын.

Биыл да еліміз осы шараға белсене қатысқалы отыр. Баспасөз мәслихатына қатысушылардың айтуынша, бүгінгі шара «Жасыл желек отырғызудың ұлттық күні» ұраны аясында өткізіліп, қала аумағын көгалдандыру, ағаш отырғызу жұмыстары белсенді жүргізілмек. Бұл – ерікті шара. Сондықтан, жарықты үнемдігісі келетін кез келген адам оған үлес қосып, бір сағатқа электр жарығын өшіруіне болады. Халықаралық шараның басы-қасында жүргендер биыл акцияға қатысушылар бұрынғыдан да көбейетініне шүбә келтірмейді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button