Sport

Жеребе тартылды, қарсыластар анықталды

Кеше Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА аясындағы конференция лигасының үшінші іріктеу раундында кездесетін командалар анықталды.

[smartslider3 slider=3514]

Үшінші раундқа шыққан жағдайда Қазақстан командаларына мынандай клубтар қарсылас болады: «Астана» командасы «Спартак» (Словакия) / «Ньютаун» (Уэльс) арасындағы ойын­ның жеңімпазымен, «Қайрат» командасы «Мольде» (Норвегия) / «Эльфсборг» (Швеция) арасындағы матчтың жеңгенімен, «Тобыл» командасы «Тирана» (Албания) / «Зриньски» (Босния және Герцеговина) кездесуінің жеңімпазымен, ал «Қызылжар» командасы «Ботев» (Болгария) /АПОЭЛ (Кипр) командалары арасындағы ойында жеңгенімен кездеседі.

Ал қазақстандық командаларға үшінші раундқа шығу үшін екінші раундтың шешуші ойындарында жеңіске жету қажет болады. «Астана» – «Ракув» (Польша), «Қайрат» – «Кишварда» (Венгрия), «Тобыл» – «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар), «Қызылжар» ­«Осиек» (Хорватия) командаларымен кездеседі.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button