Жаңалықтар

«ЖЕРҰЙЫҚТА» ЭТНОАУЫЛ АШЫЛАДЫ

Елордалық «Жерұйық» паркінде мерекелік этноауыл ашылады. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары қазақ халқының ұлттық тағамдарынан дәм татып, салт-дәстүрлерімен етене таныса алады деп хабарлайды Астана қаласы әкімінің ресми сайты.

Саябақ аумағында барлығы бес киіз үй тігіледі. Сонымен қатар, «Шаңырақ көтеру» дәстүрі көпшіліктің назарына ұсынылады. Шаңырақ көтеру – ұлтымыздың біртұтастығын, кемеңгерлігін, еңбекқорлығын көр­сетеді. Этноауылға келген барлық астаналықтар өз қолдарымен киіз үй тігіп, көшпенді халықтың үй тұрғызу мәдениетімен танысады.
Этноауылдың ерекшеліктерінің бірі – шеберлер үйі. Онда ұлттық әшекейлер мен бұйымдар қойылады. Қонақтар қолөнер шеберлерінің кілем тоқып, зергерлік бұйымдар соғып, ағаш ойғандарын тамашалай алады. Аталмыш киіз үйде қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі де ұйымдастырылмақ.
Тағы бір ерекше киіз үй – саятшылар үйі. Мұнда көшпелі халыққа тән аңшылық өнердің қыр-сырымен танысуға болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button