Қоғам

Жеті жыл жазылған роман үздік деп танылды

Елімізде үшінші рет ұйымдастырылған Қазақстан туралы үздік роман байқауының иегері анықталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Mecenat.kz байқауының жеңімпазы – «Өмір бәйтерегі» романын жазған белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Сәуле Досжан.

Туынды конкурста көпшіліктің даусымен үздік деп танылды.

Автордың өзі романның жеті жыл жазылғанын айтты.

«Ерекше әдеби байқауының жеңімпазы атанғаныма қуаныштымын. «Өмір бәйтерегі» романын жеті жыл бойы жаздым. Ұлттық кодымызды, қан тазалығын, әлемде қазақта ғана бар «жеті ата» шежіресінің дала төлқұжаты екенін дәлелдеп, жастарға түсіндіру үшін әр тарауды жеті қайтара оқып шықтым. Айта кетейін, бұл менің жетінші романым», — деді Сәуле Досжан.

Әдеби сыйлықтың иегері енді өмір бойы ай сайын 500 доллар сыйақы алып отырады.

Жоба мүшесі Әлішер Рахаттың айтуынша, биыл аталмыш конкурсқа 40 роман ұсынылған.

«Байқауға барлығы 40 роман тіркелген. Оның 17-сі қазақ тілінде, 23-і орыс тілінде, бір туынды алыс шетелден түсті. Авторлардың арасында 10 кәсіби жазушы болды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button