Қоғам

Жетімін жылатпаған ел едік…

Үй терезесінен көз тастап едім, аулада құмсалғышта ойнап жүрген балаларды көрдім. Әкесі бар балалар мен әкесі жоқтар арасындағы айырмашылық ойын барысында бірден көзге түседі.

[smartslider3 slider=3791]

Ойға келген алғашқы сұрақ, неге бұлай болады? Бұрын қазақта жетімдер жоқ еді ғой. Егер ер адам қайтыс болса, онда оның отбасы мен балаларына қамқорлық туыстар мен достардың жауапкершілігінде болып, тіпті ағасына үйлендіруге дейін рұқсат берілді. Егер інісі жеңгесінен әлдеқайда жас болса да, бұл олардың үйленуіне кедергі келтірмеді. Бұл жерде ең бастысы ағасының ошағын сақтап, балаларды жетімдіктен қорғау болды. Жесір әйел де шешім қабылдауға қатысып, неке әрқашан дерлік оның еркіне сай болды. Әрине, иландыру, мәжбүрлеу жағдайы болған шығар, бірақ негізінен бәрі келісім бойынша жасалды. Шамасы, балалардың тағдыры үшін жауапкершілік әйелдер арасында басым болды. Айта кету керек, иландыру мен мәжбүрлеу тек әйелге ғана емес, жасы кіші болашақ күйеуіне де қатысты еді.

Бұл дала демократиясы мен гуманизмінің (әмеңгерлік) бір түрі болған сияқты. Сондықтан далада жетімдер үйі болған жоқ, қазір елімізде олардың саны аз емес, ондағылардың көпшілігі – өзіміздің қаракөздер.

Әмеңгерлік біздің уақытта жоғалып кетті ме? Жоқ. Бұл әлдеқайда аз, бірақ факті бар. Бір қызығы, бұл әдет-ғұрып тек қазақтар арасында ғана орын алған жоқ. Мысалы, еврейлерде бұл дәстүр левират деп аталады. Шамасы, елдер мен халықтардың өзін-өзі сақтауға ұмтылған табиғи сезімі адамдарда генетикалық деңгейде қалыптасқанға ұқсайды. Табиғат заңдылығына қарсы тұрудың еш мәні жоқ.

Қазір елде жалғызбасты аналар көп, олар өзі үшін бала туды. Оларды түсінуге болады. Мұның көптеген себебі бар және олар әртүрлі. Бір жағдайды атап өткім келеді – біздің көптеген жігіттерде ерге тән мінездің болмауы артып келеді. Кім кінәлі? Жалғызбасты ана ма? Әлде тәрбиешілердің басым көпшілігі әйелдер қауымынан құралған балабақша мен мектеп пе?

Қасиетті діни кітаптарда әйелдерімен қарым-қатынас орната алмайтын адамдарға елді басқаруды тапсыруға болмайды деп жазылған. Қазіргі тілде бұл менеджмент деп аталады. Мүмкін, алдымен өз отбасыңызда менеджментті қамтамасыз етуді үйреніңіз, содан кейін ғана үлкен саясатқа барыңыз дегені шығар.

Мысалы, Жапонияда мемлекеттік қызметші үшін мансап сатысына жол әйелінен ажырасқан жағдайда жабылады, өйткені ол өзін отбасында менеджер ретінде көрсете алмады. Ал қазір бізде үш отаудың бірі ажырасатын деңгейге жеттік. Балалар тірі жетім сияқты.

Енді, мүмкін, үйдегі және отбасындағы ер адамның рөлін, сондай-ақ ерлер тәрбиесінің маңызын түсіндіру қоғамда ЛГБТ идеологиясының таралуы аясында бұрынғыдан да өзекті болып отырған шығар.

Гуманизм және дала демократиясы тақырыбына қайта орала отырып, оларды, дала табиғатында гигиена талаптарын сақтау ерекшелігімен толықтырғым келеді.

Қазақ әйелдері баланы емізер алдында үнемі дәрет алып жүретін. Бұл туралы әйгілі «Абай жолы» кітабында жақсы жазылған. Бұл бүкіл қазақ халқына тән рәсім болды.

Полигамия институты гуманизм мен жеке гигиена қағидатына негізделгені күмән туғызбайды. Мысалы, әйелдің жүктілігі және баланы емізу кезеңі орта есеппен үш жылға созылады. Ер адам құрсағында баласы бар әйелден жыныстық қатынасқа түсуді, содан кейін баласын емізуді талап етуі қаншалықты адамгершілік жағынан орынды?

Мен феминистердің қарсылығына тап болатынымды білемін. Иә, уәж бен қарсы пікір баршылық, бірақ мәселе орын алып отырғанын ашық айту керек.

Осы мәселеге байланысты мынадай проблемалар да бар: ерлі-зайыптылар бір-бірін жақсы көреді, бірақ балалы болу мүмкіндігі жоқ. Ажырасу керек пе? Немесе отбасында тек қыздар бар, ал күйеуі ұлды болуды армандайды. Енді не істеу керек? Соған бола ажыраса ма? Иә, баланы (ұлды) асырап алуға, суррогат ана институтын қолдануға немесе осы мәселелерді шешудің басқа тәсілін қолдануға болады.

Басқа тәсілдердің ішінде біздің ата-бабаларымыз екінші әйел немесе үшінші әйел ретінде басқа әйелді алуға мүмкіндік берді. Бұл жерде де шешуші мәні бар жайт: мәселені орынды шешетін – ерлі-зайыптылардың өзі. Ежелгі уақытта мұндай бастама бәйбішеден шыққан және ол күйеуіне екінші, үшінші әйел алуды өз қолына алып, таңдаған.

Бұл мәселенің кез келген басқа істегі сияқты орынды және қолайсыз жағы бар, бірақ менің ойымша, мұндағы қайшылықтың бәрі тіркелген некеде тұрған ер адамға үйленуге заңнамалық тұрғыда тыйым салуға негізделген. Осы құйтырқы жағдайдан шығу үшін құқықтық норманы (НОТК-тың 11-бабының 2) тармақшасы) адамдардың жекелеген санаттары үшін (жетімдерге қамқорлық жасайтын, ұл бала алғысы келетін, баласыз адамдар) алып тастауды көздеген жөн.

Қазір «тұрмысқа шыққан әйел» мәртебесіне ие болғысы келетін және өз баласының заңды әкесі болуын ниет еткен әйелдер көп. Олар – материалдық тұрғыдан жан-жақты қамтамасыз етілген, ешкімге тәуелді болмай өмір сүре алатын, бірақ басқа отбасыға кедергі жасағысы келмейтін саналы әйелдер. Олар осы нормаға осындай ерекшеліктерді енгізуді қолдайтыны анық. Осы норма енгізілсе, нәтижесінде мемлекет те, жеке адамдар да бұдан ұтатынына сенімдімін.

Нұрғали МАМЫТОВ,

PhD докторы, заңгер

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button