#Жаңа Қазақстан

Жетісулықтар алға шықты

ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман кезектен тыс президенттік сайлаудың өту барысы туралы журналистерге брифинг өткізді. 

Сағат 20.05-де барлық өңірдегі 10033 учаскесіне сайлаушылардың 69,31% келіп, өз таңдауын жасады.
Оның ішінде:
1. Абай облысы бойынша – 80,18 %
2. Ақмола облысы бойынша – 78,87 %
3. Ақтөбе облысы бойынша – 72,20 %
4. Алматы облысы бойынша – 72,10 %
5. Атырау облысы бойынша – 70,87 %
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 67,77%
7. Жамбыл облысы бойынша – 79,57 %
8. Жетісу облысы бойынша – 81,43 %
9. Қарағанды облысы бойынша – 78,39 %
10. Қостанай облысы бойынша – 79,28 %
11. Қызылорда облысы бойынша – 80,31 %
12. Маңғыстау облысы бойынша – 66,18 %
13. Павлодар облысы бойынша – 77,58%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 78,24%
15. Түркістан облысы бойынша – 80,37 %
16. Ұлытау облысы бойынша 75,48 %
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,49 %
18. Астана қаласы бойынша – 48,67 %
19. Алматы қаласы бойынша – 28,72%
20. Шымкент қаласы бойынша – 59,79 %
Орталық сайлау комиссиясы келтірген мәліметтен, жаңадан құрылған облыстар – Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының сайлаушылары саяси науқанға белсенді араласқанын көруге болады. Кешкі уақытқа дейін түркістандық сайлаушылар көш бастап келген еді, Қызылорда, Жетісу облысының тұрғындары сайлауға бей-жай қарамайтынын танытты. Әрине, қай облыстың халқы сайлауға белсенділігі жоғары немесе төмен болды? Бұл туралы алдағы уақытта білетін боламыз. Келесі жедел ақпарат сағат 22.05-те беріледі.

Тағыда

Нұрлат Байгенже

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button