ЖаңалықтарМәдениет

«Жезкиікпен» жүздесті

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Кәкімбек Салықовпен кездесу өтті.

Тағылымды шараны Қазақ­станның еңбек сіңірген әртісі, бір­лестік жетекшісі Кенжеғали Мыржықбай жүргізіп отырды.
Кеште ақынның өмірбаяны та­ныс­тырылып, филология фа­куль­-
те­ті­нің студенттері оның өлең­дерін оқыды. Поэзияның ақса­қалына жас шайыр Кәмшат Жұ­бат­қан жүрек жарды жыр шу­мақ­тарын арнады. Сондай-ақ, Фа­риза
Жылқайдарова, Адам Кәкім,
Біржан Есжанов, Қапаш Құлы­шева және Серік Оспановтар ақын сөзіне жазылған «Жез­киік», «Үш арыс», «Ақан сері», «Оқ­жетпес», «Көкшетау», «Бір ауыз сөз» сынды әндерді нақы­шына келтіре орындады.
Басқосу кеш қонағына студенттер тарапынан қойылған сауалдармен жалғасты. Кәкімбек Салықов жан-жақты жауап қайтарып, әдемі
әзілдерімен кездесудің ажарын аша түсті. Шара соңында ақынға және өнерлі студенттерге естелік сыйлықтар тапсырылды. Қазақ поэзиясының қариясы оқу орны ұжымына алғыс білдіріп, қолтаң­басымен жаңа шыққан кітабын тарту етті.

Данияр ҚАЙЫРТАЕВ,
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button